Қырғызстанда білім алудан қағылған балалар саны артып барады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда білім алудан қағылған балалар саны артып барады

Қырғызстанда білім алудан қағылған балалар саны артып барады

Көрші қырғыз елінде білім алудан қағылған балалар саны артуда. Өйткені Бішкек қаласының маңында бой көтерген жаңа ықшамаудандардың тұрғындары заңды тіркеуге алынбай жатыр. Соның салдарынан жүздеген бүлдіршін туу туралы куәліксіз қалып, әлеуметтік және медициналық көмектен  қағылуда. Тұрғылықты тіркеуде жоқ болған соң,олар тіпті мектеп партасына да отыра алмай келеді.        

  • 18 Маусым 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

Жасы 10-ға таяп қалған Нүрзия әлі күнге дейін хат танымайды. Өзімен жасты балалар мектепте білім алып жүргенде ол тек үй шаруасымен ғана айналысады.  Өйткені қыздың туу туралы куәлігі жоқ, тіркеуге де алынбаған. Сондықтан оны мектепке жолатпайды.     

Ақылбек Бейчиев, тұрғын:

— Балаларымыз өзгелердей білім алса жақсы болар еді. Бірақ,тіркеменің жоқтығынан барлығынан қағылып отыр.

Қырғызстанда дәл Нүрзия тәрізді еріксіз білім алудан қағылып отырған балалар саны жетерлік. Өйткені бір Бішкек қаласының маңында заңсыз тұрғызылған 48 кішігірім ықшамаудан бар. Ал ондағы балалардың барлығына туғандығын айғақтайтын құжат берілмейді. Оның үстіне бұл елде соңғы уақытта бір жерден екінші жерге көшіп жүретін отбасылар саны артқан. Олардың балалары да білімсіз қалып жатыр. Солардың бірі  10 жастағы Баяман мүмкіндік болса оқығысы келетінін айтады.


Баяман Есенбекұлы, тұрғын:

— Оқығым келеді. Бірақ тіркемең жоқ деп оқытпады. Мектепке де кіргізбейді.

Бір жүрген қаңғыбастар тәріздіміз. Кейде бізді солай атайтындар да бар.

Осылай деп ашынған Колмо елдімекенінің тұрғындары билікке қарайлайтындарын айтады. Алайда барлығын ақшаға тірейтін басшылық әзірге қолдан келер шара жоқ деп отыр. Бірақ болашақта барлығын реттеуге уәде етуде.

Дуконалы Ақматов, Қалысорда ауылдық аймағы басқармасының төрағасы:

— Әзірге ештеңе істей алмаймыз. Оның барлығын реттеу үшін уақыт,  қаржы керек. Бірақ,енді бір шарасын жасармыз.

Жергілікті басшылар Бішкек маңын жайлаған бұл мекендердің былтырғы халық көтерілісінен кейін  жаппай қаптап кеткенін айтады. Сондықтан олардың барлығын бірдей тіркеуге алуға мүмкіндіктері жетпей отыр.  

Соңғы жаңалықтар