Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банкті консервациялауға Қырғызстанрның Әлеуметтік қорының сотқа шағымдануы себеп болған. Әлеуметтік қор өкілдері соттар мен Ұлттық банкке «Кыргызпромстройбанк» ААҚ 1 млрд сомға жуық қаржыны қайтара алмауына байланысты шағым түсіорген. Ал Әлеуметтік қор көп жылдан бері «Кыргызпромстройбанк» ААҚ-ның клиенті болып табылады. Бұл қаржы халықтық әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігіне әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы төлеуге арналады.
«Консервациялау режимін енгізудегі мақсат салымшылар мен кредиторлардың мүддесіне сай, сондай-ақ, банк секторын жүйелі тәуекелдерден қорғау үшін активтер, бухгалтерлік кітаптар мен банк жазбаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін банктің үстінен бақылау орнату», -деп түсіндіреді банктегілер.
Көп жылдан бері «Кыргызпромстройбанк» қожайындарының бірі парламенттің экс-депутаты Мұратбек Мұқашев болып табылады. Директорлар кеңесінде көптеген танымал адамдардың фамилиясы бар. Мәселен, директорлар кеңесінің төрағасы — Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Таштемир Айтбаев болып табылады. Осы орайда еске салсақ, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев оны түрлі дау-дамайлар, соның ішінде саяси даулардан болып оны отставкаға жіберген. Кеңес басшылығының құрамында Мұратбек Мұқашевтың туған бауыры мен Таштемир Айтбаевтың ұлы бар.
1$ — 35 сом.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті