Қырғызстанда биылғы жылдың маусым айынан бастап электр қуатының бағасы көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда биылғы жылдың маусым айынан бастап электр қуатының бағасы көтеріледі

Қырғызстанда биылғы жылдың маусым айынан бастап электр қуатының бағасы көтеріледі

Бішкек. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда биылғы жылдың маусым айынан бастап электр қуатының бағасы көтеріледі. Бұл туралы "Қырғызстанның ұлттық электр желісі" ААҚ бас директорының орынбасары Мұрат Дүрусалиев баспасөз мәслихаты кезінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан Республикасының үкімет отырысында 9 сәуірде электр қуатын көтеру жөнінде шешім қабылданды. Тарифтердің төмен болуы салдарынан электр қуатын сататын, тарататын және оның өндірісімен айналысатын компаниялардың шығындары өтелмейді», -деп атап өтті М. Дурусалиев.

Тұрғындар үшін электр қуатының 1 кВт-сағатының құны 70 тыйынды құрайды (бүгінгі күні оның 1 кВт-с — 64 тыйын). Кәсіпорындар үшін кВт-сағаттың тарифтік құны 96 тыйын деңгейінде белгіленсе, бюджеттің тұтынушылар үшін кВт -сағат 100 тыйын және коммерциялық құрылымдарға кВт сағат бағасы 102 тыйынды құрайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті