Қырғызстанда демалыс күндерінде оппозицияның ұлттық құрылтайы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда демалыс күндерінде оппозицияның ұлттық құрылтайы өтті

Қырғызстанда демалыс күндерінде оппозицияның ұлттық құрылтайы өтті

Бішкек. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 12 сәуірде оппозицияның ұлттық құрылтайы өтті. Оның жұмысына мыңнан аса адам қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Сәуiр 2008
  • 498
Фото - Caravan.kz

Жиынға қатысқандардың айтуынша, Қырғызстан оппозициясының кұрылтайында бірінші рет көлеңкелі үкіметті құру мәселесі шешіледі.

«Бұл шара Қырғызстанда оппозиция күштерінің барын дәлелдеді. Олар өз жұмыстарын одан әрі қарай жалғастыра береді «, — деп есептейді «Ар-Намыс» партиясы кеңесінің мүшесі Виталий Ысқақов.

Біздің пікіріміз бойынша, «құрылтай өзін өзі ақтады». «Аймақтардан келген делегаттар баяндама жасағандарды мұқият тыңдап, оппозиция форумы биліктің халық мұң-мұқтажынан алыс екендігін дәлелдеді «, — деді саясаткер.

Оппозицияның ұлттық құрылтайы өзінің қарарын қабылдады.

«Құжаттың 9 тармағы бойынша Қырғызстан үкіметінің жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылды. Жүргізілген референдум мен алдын ала өткізілген парламент сайлаулары заңсыз деп танылды. Сондай-ақ оппозиция энергетика, табиғи ресурстар, мектептер мен елдің жоғары оқу орындарын жекешелендіру жұмыстарын тоқтату жөнінде талап қойды», — деп атап өтті тілші.

Құрылтайдың қарарында Қырғызстан Республикасының әлеуметтік -экономикалық және саяси жағдайы аса ауыр деп танылды.

«Азық-түліктің, жанар -жағар майдың, коммуналдық төлемдердің, қоғамдық көліктер тарифтерінің көтерілуі халықтың хал ахуалын ушықтырып жіберді. Туындаған жағдайды жақсарту үшін мемлекет президенті мен үкіметтен жедел түрде шараларды қолға алуды талап етеміз «, — делінген құрылтай қарарында.

Жиналыс қорытындысында атап өтілгеніндей «ұлттық құрылтай қарарының талаптары орындалмаған жағдайда бүкіл ел бойынша наразылық акциялар мен шерулер өткізілетін болады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті