Қырғызстанда лаңкестерге көмек көрсеткен қылмыскер құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда лаңкестерге көмек көрсеткен қылмыскер құрықталды

Қырғызстанда лаңкестерге көмек көрсеткен қылмыскер құрықталды

Қырғызстанда лаңкестерге көмек көрсеткен қылмыскер құрықталды. Ол елдің оңтүстігінде жасырын баспахана ашып, содырларға жалған құжат әзірлеген.

  • 17 Қараша 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz


Жасырын баспахана ай сайын кемінде ондаған мың доллар көлемінде пайда тауып келген дейді Қырғыз құзырлы орындары. Қылмыс үстінде құрықталған азаматтан дайын тұрған бірнеше жалған құжат және оны дайындауға арналған материалдар тәркіледі. Олардың ішінде төлқұжат, туу туралы куәлік, ID-карта дайындау бланкілері, жүргізуші куәлігі мен жоғарғы оқу орнын аяқтағанын растайтын дипломдар табылып отыр. Таратылған ақпарат бойынша құрықталған азамат халықаралық іздеуде жүрген лаңкестер мен экстремистік топ мүшелеріне қызмет етіп келген. Құрықталған күдікті қылмысын да бірден мойындапты. 

Соңғы жаңалықтар