Қырғызстанда президент сайлауы кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президент сайлауы кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды

Қырғызстанда президент сайлауы кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды

Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер 2017 жылдың 15 қазанында өтетін президент сайлауының қорытындысынан кейін әкімшілік ғимараттарды басып алып, жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған адамды ұстады.

  • 15 Қазан 2017
  • 275
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері осыған дейін жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін сотты болған экс-депутат Қазыбек Шайымбетовтың ҚР президенті сайлауы өткен соң алдын ала келісіммен үміткерлердің бірі жеңілген жағдайда жаппай тәртіпсіздікке қатыспақшы болғанын анықтады.

Сондай-ақ, Шайымбетовтың және оның сыбайластарының бірнеше күн бойы тәртіпсіздік жасау үшін қару-жарақ іздестіріп, ҚР мемлекеттік органдарының әкімшілік ғимараттарын басып алмақшы болғаны айтылады. "2017 жылдың 14 қазанында Шайымбетов пен басқа да азаматтарға қатысты Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 27-бабы, 233-баптың 1-бөлігі, 27, 295-баптары, 241-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жеткізілді", — деп хабарлады комитет өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар