Қырғызстанда президент сайлауы қалай өтіп жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда президент сайлауы қалай өтіп жатыр?

Қырғызстанда президент сайлауы қалай өтіп жатыр?

Сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша, барлығы 226 616 адам дауыс берді.

  • 15 Қазан 2017
  • 263
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан ОСК сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы алғашқы мәліметтерді ұсынды, — деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қырғызстан ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы президентінің сайлауында, сағат 10-дағы мәлімет бойынша, 226 616 адам дауыс берді. Бұл тізімдегі сайлаушылардың 7, 49%-ы.

Әсіресе, Ош қаласының сайлаушылары белсенділік танытуда, мұнда сайлаушылардың 10,35%-ы дауыс берген. Ыстықкөл облысында – 8,08%, Нарын облысында – 8,08%, Талас облысында – 8,44%.

Бішкек қаласында – 7,02%, Ош облысында – 7,40%, Джалал-Абадта – 7,06%, Баткен облысында – 7,73%, Шу облысында – 6,91%.


ҚР СІМ мәліметі бойынша, шет елдерде сайлаушылардың 1,28%-ы дауыс берген.

Қырғызстан ОСК ақпаратынша, сайлаушылардың жалпы саны – 3 млн 025 мың 786 адам

Соңғы жаңалықтар