Қырғызстанда қазақстандық туристерді құлаған тастар басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда қазақстандық туристерді құлаған тастар басып қалды

Қырғызстанда қазақстандық туристерді құлаған тастар басып қалды

Тасқұламадан зардап шеккен қазақстандық және ресейлік туристерді құтқару үшін Қазақстан тікұшағы аттанды.

  • 31 Шiлде 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Республикалық жедел құтқару жасағының тоғыз құтқарушысы мінген "Қазавиақұтқару" кәсіпорнының тікұшағы Қырғызстандағы туристерге жәрдем беру үшін аттанды.

Бастапқы мәлімет бойынша, Скрябин мұздығының ауданында теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер таудан құлаған тастар астында қалған.

Қырғызстан аумағында болған тасқұлама салдарынан Қазақстан мен Ресей туристері зардап шегіпті.

"Зардап шеккендердің төртеуі – Қазақстан азаматтары. Біреуі қаза тапты. Тағы бірі ауыр хәлде жатыр", — деп хабарлады сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.


Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар