Қырғызстанда Ресей империясына қарсылық көрсеткен күнді мереке етіп белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Ресей империясына қарсылық көрсеткен күнді мереке етіп белгіледі

Қырғызстанда Ресей империясына қарсылық көрсеткен күнді мереке етіп белгіледі

Қырғыз президенті Алмасбек Атамбаев Қазан төңкерісі күнін Бабалар мен тарихқа тағзым күні деп атау туралы құжатқа қол қойды. Яғни көршілеріміз 7-8 қараша күндері 1916 жылы болы оқиғаны еске алуды жөн көрді. Үкімнің мәтіні президент сайтында жарияланған.

  • 27 Қазан 2017
  • 311
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Lenta.ru басылымы хабарлайды.

Құжатта қырғыз халқының үш мың жылдықта тәуелсіздік алу үшін үлкен күрес жүргізгені туралы жазылған. “1916 жылы халық еркіндікке қол жеткізу үшін барларын салды. Патшаның қанауы бейбіт тұрғындарды қанауы мен қантөгіске әкеліп соқтырған оқиғалар Қырғызстан халқын тірі қалу үшін барлық амалды пайдалануға итермеледі”, – деп жазылған құжатта. Көптеген қанды оқиғалардың 1916 жылы күз айында көп болғанын ерекше атап өткен.

Яғни 7-8 қараша күндері қырғызстандықтар екі мерекені қатар атап өтетін болады. Олардың бірі – Ұлы Қазан Социалистік төңкерісі, екіншісі – саяси репрессия құрбандарын еске алу.


2016 жылдың тамыз айында Қырғызстанда Атамбаевтың қолдауымен Ресей патшалығына қарсылық көрсетудің 100 жылдығына орай авто жарыс өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар