Жарияланды: 480

Қырғызстанда «тәртіпсіз» кафелер мен мейрамханаларға айыппұл салына бастады

Қырғызстан билігі кеш бата дамыл таппайтын қатты әуенмен ашық күреске көшті. Енді кафелер мен мейрамханалар белгіленген тәртіпті сақтамаса, оларға айыппұл салынады. Көнбегенойын-сауық орнының ыстық суын өшіріп тастамақ. Әзірге ойлап тапқандары осындай шара.  

Түн түндігін түргенде түнгі клубты жағалайтын жасамыс жандарға қарап, жаға ұстаудың реті жоқ. Қос әжейді көпқабатты үйлерінің астында ат шаптырым аумаққа орналасқан ойын-сауық орны әбден қажытқан. Тіптен кейбір көршілері “аш бәлден қаш бәле” деп,қоныстарын ауыстырғанмен, көпті көрген кейуаналар: «жауып тынамыз,бұл жын-ойнақтарын,деп бой берер емес.

Анна Василевская, Бішкек қаласының тұрғыны:

-Түнімен ұйқы көрмейміз, мына дауысқа шыдау мүмкін емес. Ашуым келгенде балта алып,бастарынан салып қалғым келеді,осылардың!

Мария Әбдікерімова, Бішкек қаласының тұрғыны:

- Онытіпті түсінбейсің, немене екенін... Басыңа  балғамен ұрғандай. Айтып жатырмыз, милиция келді,  су арнасы мекемесінен, СЭС келді,  бәрін тексерді.

Қариялардың қанын қарайтатын да осы. Түнгі клубқа шүйліксе,құзыретті орындар жатақтарын тексеріп,жандарын алады екен. Жалпы саны Бішкекте бір түнде 20 арыз кеп түседі,ұйқы көрмеген тұрғындардан. Осы түні тәртіп сақшыларын алдарына салған шенеуніктер шертіп жүріп, мына кафеге келді. Келді дегенмен,кіру қиямет.

Сіз болып, біз болып, кафеге кіргенмен, құзырлы мырзалар ауызша ескертумен шектелді. Әрі әуен дыбысының деңгейін өлшеді. 60 децибельден аспау керек. Ауызша айтқанға көнбегендерді «ыстық судан қағамыз»деп қорқытады,шенеуніктер.

Мира Орозбекова, Бішкек қаласы тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бастығы:

-Егер ескертулерді назарға алмаса,Қалалық су басқармасымен келісіп,ыстық суды өшіріп тастаймыз. Сот орындарына шағым түсіреміз.

Шенеуніктер білек түрген екі  аптаның   ішінде 27 сауық кешені ыстық судан қағылыпты. Қырғыз шенеуніктерінің қатты қарқынының кәріне әлі қаншасы ілігері беймәлім. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін