Қырғызстанда таяу уақыттарда жер сілкінісінің қайталану қаупі бар - сейсмолог - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда таяу уақыттарда жер сілкінісінің қайталану қаупі бар - сейсмолог

Қырғызстанда таяу уақыттарда жер сілкінісінің қайталану қаупі бар - сейсмолог

Бішкек. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда таяу уақыттарда жер сілкінісінің қайталану қаупі бар. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Қырғызстан ҰҒА Сейсмология институтының директоры Қанатбек Абдрахматов мәлім етті.

  • 7 Қазан 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Қырғызстанда белсенді кезең басталды, ол 2016 жылға дейін созылады. «Ең қауіпті аймаққа Чу және Ыстықкөл облыстары жатады. Бұл жерде жер сілкінісінің қуаты Рихтер өлшемі бойынша 9 баллға жетуі мүмкін», — деді Қ. Абдрахматов.

«Таяу уақыттарда Чу және Ыстықкөл облыстары орналасқан солтүстік Тянь-Шань аймағы аса қатерлі. Бұл облыстарда біз жоғары сейсмикалық белсенділік 2010 жылдан кейін басталады деп ойлап отырмыз. Осы кезеңде қуатты жер сілкіністері болуы ықтимал. Ол Қазақстанға да әсер етеді. Егер Чу облысының Кемин ауданында қуаты 9 балл жер сілкінісі болса, Алматыда оның қуаты 8 балл болмақ», — деді Қ. Абдрахматов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар