Қырғызстанда "түсті төңкерістерге" ешбір алғышарт жоқ - Қырғызстан СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда "түсті төңкерістерге" ешбір алғышарт жоқ - Қырғызстан СІМ

Қырғызстанда "түсті төңкерістерге" ешбір алғышарт жоқ - Қырғызстан СІМ

Қазір Қырғызстанда "қандай түсті болмасын төңкерістің белең алуына ешбір алғышарт қалыптасып отырған жоқ". Бұл туралы бүгін, 25-ақпанда Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін өткізілген брифинг барысында Қырғызстан сыртқы істер министрі Асқар Айтматов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Ақпан 2005
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Қазір республикада жағдай тұрақты, парламент сайлауына дайындықтар жүргізіліп жатыр, әрине, мұндай оқиғалардың дәл қарсаңында қоғамның қызуы әжептәуір көтерілетінін заңдылық»,- деді А.Айтматов.

Ол сайлау заң шеңберінде өткізілетініне сенім білдірді. «Өйткені, қызғылт сары төңкеріске алғышарт қалыптасқан жоқ».