Қырғызстанда ұшақ апаты құрбандарының саны 37-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда ұшақ апаты құрбандарының саны 37-ге жетті

Қырғызстанда ұшақ апаты құрбандарының саны 37-ге жетті

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан жалпы 37 адам мерт болды деп мәлімдеді. Boeing-747-400 жүк ұшағы Бішкектің түбінде апатты жағдайда құлаған. 36 адамның денесін туыстары анықтаған.

  • 17 Қаңтар 2017
  • 467
Фото - Caravan.kz

Аталған мекеменің хабарлауынша, 13 адам ауруханаға жатқызылған. Үш адам емханада емделуде. Зардап шеккендерге дәрігерлік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Дачи СУ ауданында мобилді клиника жұмыс істеп жатыр. Онда Ұлттық госпитальдің дәрігерлері, отбасылық медициналық орталықтың дәрігерлері мен психотерапевтері көмек көрсетуде.

Сот-медициналық сараптау орталығына 37 адамның денесі жеткізілген.


Қазіргі уақытта мәйітханада 6 адамның денесі қалған. Олардың үшеуі Түркия азаматы, үшеуі қырғыз азаматы болған. Ал қалған 31 денені туыстары жерлеуге алып кеткен.

Соңғы жаңалықтар