Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шетелдік қымбатырақ отын сатып алу туралы шешімді «Электр станциялары» ААҚ Ош жылу электр орталығына отандық мазут жеткізуші — Жалалабад мұнай өңдеу зауыты — қаңтарда жұмыссыз тұрғандықтан отын жеткізу кестесінен біршама кешеуілдеп қалуына байланысты қабылдаған.
2008 жылдың 5 ақпанында Қазақстаннан мазут алу жөніндегі келісімге қол қойылды.
«Қазір Ош ЖЭО теплофикациялық режиммен жұмыс істеп, суды 51� температураға дейін жылытуда. Мазут қоры 1300 тоннаны құрайды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті