Қырғызстанға алдағы күндері Қытайдан 3,5 мың тонна ұн әкелінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанға алдағы күндері Қытайдан 3,5 мың тонна ұн әкелінеді

Қырғызстанға алдағы күндері Қытайдан 3,5 мың тонна ұн әкелінеді

Бішкек. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанға алдағы күндері Қытайдан 3,5 мың тонна ұн әкелінеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу және материалдық қор агенттігінің басшысы Пайзуллабек Рахманов мәлім етті.

  • 7 Мамыр 2008
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Сонымен бірге, өзіміздің егініміздің көлеміне байланысты Қазақстан мен басқа да елдерден қажеттілікке қарай қосымша ұн сатып аламыз. Қазақстаннан қосымша 300 мың тонна ұн алуды күтіп отырмыз. Процесті бюрократиялық бөгеттер тоқтатып тұр. Жақын уақытта бұл мәселелер өз шешімін табады. Ресейден жеткізілетін импортқа келер болсақ, менің айтарым мынау, біз Ресейден ұн аламыз деп жоспарлаған жоқ едік», — деп атап көрсетті П. Рахманов.

Шенеуніктің айтуынша, Қырғызстанда өзінің қоры 2 айдан астам уақытқа жетеді. «Оның үстіне біз Қытайдан былтырдан бері ұн әкелінуін күтіп отырмыз», — деп сөзін қорытты П. Рахманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті