Қырғызстаннан Кеден одағы аумағына он келідей героин өткізу әрекеті тойтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстаннан Кеден одағы аумағына он келідей героин өткізу әрекеті тойтарылды

Қырғызстаннан Кеден одағы аумағына он келідей героин өткізу әрекеті тойтарылды

Жамбыл облысы «Қордай» кедендік бекет қызметкерлері Қырғызстаннан ірі мөлшерде героин әкеле жатқан көлікті тоқтатқан.

  • 17 Шiлде 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, кеше сағат 20:20 шамасында кеден бекетінде Қырғызстаннан Кеден одағының аумағына бет алған «Мазда-33» көлігі тексерілді.

Тексеру кезінде көліктің артқы отырғышының арқалығынан иісшіл ит күдікті ақ ұнтақ тауып алған.


Сарапшы қорытындысы бойынша ол 9 кг 870 гр героин болып шыққан.

Көлік жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.