Жарияланды: 410

Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 5,5 балл жер сілкінісі болды

Кабар. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 5,5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекеме мәліметінше, кеше 4 қарашада сағат 20.22-де сілкініс ошағында қуаты 5-5,5 балл жер сілкінісі болды. Дүмпу ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Нұра ауылынан 25 шақырым жерде, Суфи-Курган ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырымда, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 шақырым жерде болды. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпар жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін