Қырғызстанның оңтүстігінде қызылшаны жаппай жұқтыру жағдайы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның оңтүстігінде қызылшаны жаппай жұқтыру жағдайы тіркелді

Қырғызстанның оңтүстігінде қызылшаны жаппай жұқтыру жағдайы тіркелді

Қырғызстанның оңтүстік өңірлерінде Жалал-Абад облысында дәрігерлер қызылша жұқтырған 1 мың 798 жағдайды тіркеді.

  • 6 Мамыр 2015
  • 422
Фото - Caravan.kz

Олардың ішінде тек 630 науқас қана егілмеген. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада Жалал-Абад облысында 1 мың 196 науқас тіркелгені атап өтіледі, оның 918 қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне жіберілсе, 602-сі амбулаториялық ем алуда, 567-сі сауығып кеткен.

Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар  — 474, 1-ден 4 жасқа дейінгілер — 223, 5-9 жас  — 105, 10-19 жас — 704,  е 20-дан жоғары  — 292.

 «Жұқтырушылар санының өсуі көші-қон ағынына және кей адамдардың түрлі діни наным-сенімдер бойынша егілуден бас тартуларына байланысты. Қызылшаға, қызамыққа қарсы иммундеуге Жалал-Абад облысы 400 мың доза вакцина бөлді. Қазірде эпидемияға қарсы шара күшейтілді, екпе қабылдамаған адамдарды анықтау үшін үй-үйді аралау жұмыстары жүргізілуде, халыққа тарату үшін буклеттер әзірленді», — делінген хабарламада.

Баспасөз парағында хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12-23 мамыр аралығы кезеңінде қызылша мен қызамыққа қарсы иммундеу науқанын жүргізу аясында ҚР денсаулық  министрлігінің мамандары елдің оңтүстік өңірлеріне практикалық көмек көрсету үшін шығатын болады.