Қырғызстанның Ош облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының үгіт-насихат материалдары тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Ош облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының үгіт-насихат материалдары тәркіленді

Қырғызстанның Ош облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының үгіт-насихат материалдары тәркіленді

Бішкек. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының үгіт-насихат материалдары тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Тамыз 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым салынған мазмұндағы әдебиеттерді, сондай-ақ, кассеталар мен электронды тасымалдағыштарды Ош облысының ішкі істер басқармасы мен Нооқат аудандық ішкі істер органының қызметкерлері 45 жастағы ауыл тұрғынынан тәркілеген. Ол өз үйінде «Хизб ут-Тахрирдің» 18 кітабі мен журналын, 10 дискісін, сондай-ақ, дыбыс және бейне кассеталарды тығып ұстаған.

Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Ауыл тұрғынына ұлтаралық араздық тудырды деген айып тағылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті