Қырғызстанның сәулет және құрылыс мемлекеттік агенттігінің бұрынғы басшысы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның сәулет және құрылыс мемлекеттік агенттігінің бұрынғы басшысы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қырғызстанның сәулет және құрылыс мемлекеттік агенттігінің бұрынғы басшысы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бішкек. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның сәулет және құрылыс мемлекеттік агенттігінің бұрынғы басшысы Ишенбай Қадырбеков 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Қаржы полициясы қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Сәуiр 2008
  • 528
Фото - Caravan.kz

«25 сәуірде қамауға алынған Қадырбековке келесі күні Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің қатарынан бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Бішкектің Ленин ауданының соты 10 күнге қамауға алу жөнінде үкім шығарды. Қазіргі уақытта ол Бішкектің уақытша тергеу изоляторында. Оған лауазымын асыра пайдаланды деген айыптар тағылуда», — деп хабарлады Қаржы полициясы қызметінің тергеу басқармасының бастығының орынбасары Ислам Боров.

Оның айтуынша, 2007 жылдың қаңтар айында қираған Баткен, Ыстықкөл және Нарын аудандарындағы мектептерді қалпына келтіру кезінде осы мәселелермен айналысқан Қадырбеков тиісті тендерлерді өткізбеген, Мемлекеттік сатып алу агенттігімен келісімдер жасалмаған. Нәтижесінде құрылыс жұмыстарының құны үш есеге артып, ал жұмыстар сапасыз жасалған.

Сонымен қатар, Қадырбеков өзінде 0,17 га жер болуына қарамастан көлемі 0,33 және 0,8 га болатын жер телімдерін өзіне рәсімдеп алған. Ол жерлерге көп қабатты тұрғын үйлер салған», — деді И. Боров.

Егер де сот айыбын анықтаса Қырғызстан үкіметінің жанындағы сәулет және құрылыс агенттігінің бұрынғы басшысы И. Қадырбеков 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Аталмыш іс таза қылмыстық іс. Ол ешқандай саяси мақсаттарды көздемейді», — деп атап көрсетті И. Боров.

Бұл оқиға 2005 жылдың 24 наурызындағы оқиғалардан кейінгі уақыттағы жоғарғы шенді шенеуніктің алғашқы шулы тұтқындалуы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті