Қырғызстанның сыртқы қарызды өтеу шығындары ағымдағы жылы екі есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның сыртқы қарызды өтеу шығындары ағымдағы жылы екі есе өсті

Қырғызстанның сыртқы қарызды өтеу шығындары ағымдағы жылы екі есе өсті

Бішкек. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның сыртқы қарызды өтеу шығындары ағымдағы жылы екі есе өсті, деп хабарлайды агенттік Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Сәуiр 2008
  • 548
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осындай шығындар 2007 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 112,1 млн сомға артып, 2008 жылдың 1 сәуірінде 275,7 млн сомға жетті.

Басты берешек бойынша қарыздарға қызмет көрсету 176,6 млн сомды, процент бойынша — 99,1 млн сомды құрады. Сыртқы қарызға қызмет көрсету 2008 жылдың басынан бері өз кезегінде 1,05 млрд сомнан асты. Оның 1,014 млрд сомы — басты берешек бойынша, 45,4 млн сомы — проценттер бойынша өтем.

Мемлекеттік қарыз бойынша төлемдердің мемлекеттің жалпы шығындары көлеміндегі үлес салмағы жыл басынан бері бүгінге дейін 14,5% болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті