Жарияланды: 20

Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

Қыркүйек айында ауа райы қандай болады? Сурет - Baigenews.kz

Синоптиктер 2020 жылғы қыркүйек айының орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары болатынын болжады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Azattyq Rýhy -на сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – нормадан 1°С-қа төмен болады деп күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде көпжылдық деректер бойынша үсік айдың бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда - айдың соңында ғана байқалуы мүмкін.

Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері тамыз айымен салыстырғанда ауа температурасының жалпы төмендеуі кезінде ауаның ылғал құрамының төмендеуі есебінен азаяды. Жауын-шашын аз қарқынды, бірақ ұзаққа созылады.

Күздің басында Қазақстан аумағында жазғы ыстық ауа райы сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін