Қыршыннан қиылған ғұмыр: Өмірден ерте кеткен танымал жандар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыршыннан қиылған ғұмыр: Өмірден ерте кеткен танымал жандар

Қыршыннан қиылған ғұмыр: Өмірден ерте кеткен танымал жандар

30 жасқа енді ғана толған Жанар Хамитова күні кеше ғана өмірден өткен еді.

  • 17 Қыркүйек 2019
  • 554
Фото - Caravan.kz

Осы орайда Caravan.kz медиа порталы мезгілсіз өмірден өткен танымал жандарды еске алды.

Денис Тен

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында өмірге келді. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан қола медальге ие болған еді.

Спортшы 2018 жылы ұрылардың қолынан қаза тапты. Денис Тен көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі ұрының үстінен түскен. Жанжал кезінде ұрылар спортшыға пышақ сұғып кеткен еді.

2018 жылдың 19 шілдесінде Денис Тен қаза тапқан болатын.

Руслан Бөлебай

Танымал тележүргізуші әрі әнші Руслан Бөлебай 1985 жылы 16 мамыр күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданында өмірге келген еді.

Ажал құшқан журналист НТК, КТК, Қазақстан арналарында және Ретро фм радиосында қызмет еткен болатын. Руслан көпшілік қауымға "Сағындырған әндер ай" ретро концертінің жүргізушісі ретінде танылған болатын.

Танымал журналист 2009 жылы 16 тамызда жол апатынан қаза тапқан еді.

Бағлан Құтжан

Балаларға арналған бағдарламаларды жүргізу арқылы танылған Бағлан 13 жасында, алғашқы мүшел жасында өмірден өткен еді.

Ол 2006 жылы 4 наурызда Ақтөбе облысы, Алға қаласында өмірге келген.

Бағлан Балапан арнасындағы "Ойлан, тап!", "Біз де бал болғанбыз", "Қуыр, қуыр, қуырмаш", "Дұрыс-бұрыс" бағдарламаларын жүргізген, талабы таудай таланты бала. Сондай-ақ, Қазақ радиосында "Балдәурен" балалар бағдарламасын жүргізді.

2019 жылдың 16 мамырында "Balapan" бір балапанынан айырылған болатын.

Шалқар Үркімбаев

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының талантты актері небәрі 29 жасында жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді.

Үркімбаевтың үшінші қабаттағы грим бөлмесінен өзінің секіріп кеткені немесе біреудің қасақана итергені әлі күнге дейін белгісіз.

Ол 2012 жыл өмірден өткен еді.

Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шарипа

Он бес жылдан бері бірге қызмет етіп келген ерлі зайыпты Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шарипаның мәйіттері 2015 жылдың 25 мамырында актерлердің бояндыратын бөлмесінен табылған еді.

Талантты әртістердің артында екі балалар қалған болатын.

Жанар Хамитова

Жанар Хамитова 1989 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауылында дүниеге келген болатын.

Жас өнерпаз көпшілік қауымға Super Starkz жобасы арқылы танылды. Кейін ол "China town", "Арнау" топтарында өнер көрсеткен болатын.

Әнші шығармашылығын тоқтатып, тұрмысқа шығып кейін шетелде біраз уақыт тұрды. 

Жанар 2019 жылдың басында шығармашылығын қайта қолға алып, Сиви Махмудимен бірге жұмыс атқарған еді. Бірақ көп ұзамай Жанар мен Сиви өзара серіктестіктерін тоқтатқан болатын.

Әнші 16 қыркүйекте дүниеден өзді. 

Қарағанды ​​облысының ДП баспасөз қызметі Хамитованың өз-өзіне қол жұмсағанын растаған болатын.

Материалды дайындаған: Сәңкібаев Ғалымжан

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар