Жарияланды: 850

Қысым көрген мұғалім мен мектеп директоры соттасып жатыр

Қысым көрген мұғалім мен  мектеп директоры соттасып жатыр Сурет - жеке мұрағат

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында Жаңатұрмыс ауылдық мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаеваның мектеп директоры үстінен берген шағымы бойынша сот отырысы басталды.

Айман Сағидуллаева мектеп директоры Бекжан Нүсіпбекованың өзіне "әдеп сақтамағаны үшін" берген ескертуімен келіспей, сотқа шағымданған. Ескерту "2016 жылы мамырдың 19-ы күні мектеп аясында Райымбек округінің ақсақалдар кеңесі мүшелерінің кезектен тыс кездесуі барысында педагогикалық әдеп қағидаларын сақтамағаны үшін» берілген.

Сотта сөйлеген Айман Сағидуллаева ескертудің өзіне кеш, құжатта көрсетілгеннен 13 күннен кейін табысталғанын, ақсақалдар кеңесінің мектеп жұмысына қатысы жоғын айтты. Ол осыған байланысты ескертуді заңсыз деп санайтынын айтып, оның күшін жоюды сұрайды.

Ал мектеп директоры "ескерту педагогикалық кеңес жиынында жарияланып, оны Сағидуллаеваның өзі де естігенін" айтты.

Сот тараптардың бір-бірінің дәлел, уәждерін тыңдап, қарау үшін отырысты 26 тамызға қалдырды.

Айман Сағидуллаева бұған дейін Азаттыққа өзінің «өткен жылы мұғалімдер мұңын көтергеніне байланысты биыл қысым көріп жатқанын, оған енді ауданның ақсақалдар кеңесі араласқанын» айтқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін