Алтын өндірушілердің берген мәліметінше, өткен жылы Қытайда өндірілген алтын көлемі өткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,67% өсіп, 270,49 тоннаны құрады. Қытай бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-ты басып озып әлем бойынша екінші орынға шықты. Биылғы жылы Қытайда шығарылатын алтын 300 тоннаға жетуі мүмкін.
Естеріңізге сала кететін болсақ, Оңтүстік Африка Республикасы жүз жылдан бері алтын өндіру көлемі жағынан әлем бойынша бірінші орынды иемденіп келеді. Әлем бойынша зерттелген алтын қоры көлемінің 35 пайызы осы елдің үлесіне тиесілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті