Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанның шекарасын кесіп өткен Қытай азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Sputniknews.kz Устинка LIVE-қа сілтеме жасап.
Оқиға Күрімшіде болған. Қытайдан келген қонақ Қаба ауданындағы Қаба өзенінің бойымен қыдырып жүріп, Қазақстанның шекарасын қалай кесіп өткенін білмей қалған.
"Шекарада оны шекара қызметінің қызметкерлері ұстап алды", — деп хабарлады Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот барысында ер адам кінәсін мойындады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстанның аумағынан шығарылды.