Қытай COVID-19-ға қатысты барлық мәліметті ұсынған жоқ - ДДСҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай COVID-19-ға қатысты барлық мәліметті ұсынған жоқ - ДДСҰ

Қытай COVID-19-ға қатысты барлық мәліметті ұсынған жоқ - ДДСҰ

Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларына коронавирустың пайда болуына қатысты деректерді ұсынудан бас тартты.

  • 14 Ақпан 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Уханьға барған мамандардың бірі The Wall Street Journal басылымына берген сұхбат барысында айтты.

Ғалымның сөзінше, сарапшылар COVID-19-дың қалай шыққанын анықтау үшін Қытайға барғанда ел билігі коронавирус жұқтырудың алғашқы 179 дерегі жайлы мәліметтерді ұсынудан бас тартқан. Оның орнына Қытай тарапы өздері жасаған талдау жұмыстарының нәтижесін көрсетіпті. Негізі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдер қандай да бір ауру бойынша бастапқы ақпаратпен бөлісуі керек. Осылайша, мамандар әр жағдайды жеке-жеке зерттеуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Қытай елі әзірге ғалымның сөзіне ешқандай пікір білдірмей, үнсіз қалып отыр.



 

Соңғы жаңалықтар