Қытай ғарышкерлерін дәмдеуіш қосылған құртпен тамақтандырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай ғарышкерлерін дәмдеуіш қосылған құртпен тамақтандырмақ

Қытай ғарышкерлерін дәмдеуіш қосылған құртпен тамақтандырмақ

Бейжің авиация және ғарыш университетінің қызметкерлері батыл сынақ өткізді. Олар үш ай бойы адамдарды  түрлі дәмдеуіш қосылған құртпен тамақтандырған.

  • 27 Мамыр 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz

 Зерттеушілер бұл  ғарыш сапары кезінде таптырмайтын тағам деген тұжырымға келді, деп хабарлайды South China Morning Post.

Екі әйел мен бір ер адам 12 апта құртпен бірге герметикалық капсуламен тамақтанған. Бұл эксперименттің міндеті ақуызға бай диетаны ғарыштық сапар  уақытында пайдалануға бола ма, жоқ па екенін анықтау болды.

 «БҰҰ ашыққан елдерде құрттар мен жәндіктерді пайдалануды көптен бері ұсынуда. Біз бұл идеяны өз қажетімізге бейімдеуді байқап көргіміз келді», — деп мәлімдеді осы сынаманы ұйымдастырушылардың бірі.

Алайда    «құрт диетасының»  оң нәтижесіне қарамастан, олардың Батыстағы әріптестері бұл жаңалықты құптамаған жоқ. «Біздің пікірімізше, бұл ақпаратты халыққа тарату жұртшылық алдында ғарышкерлерді кемсітумен тең әрі олардың өмірлеріне қауіпті миссиясының мәнін төмендетеді», деді еуропалық ғалымдар.


Бұдан бұрын БҰҰ өкілдері шегіртке, шыбын-шіркей мен қоңыздар келешектің асы деп бірнеше рет  мәлімдеген болатын.