Қытай халқы ҚР Президенті Н. Назарбаевты ҚР және ҚХР арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін құрметтейді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай халқы ҚР Президенті Н. Назарбаевты ҚР және ҚХР арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін құрметтейді

Қытай халқы ҚР Президенті Н. Назарбаевты ҚР және ҚХР арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін құрметтейді

Бүгін Бейжіңде алғаш рет қытай тілінде жарық көрген Махмуд Қасымбековтің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерктер» кітабының тұсауы кесілд

  • 26 Қазан 2013
  • 549
Фото - Caravan.kz

ҚР Президенті туралы кітап алғаш рет 2008 жылы қазақ тілінде басылған, кейін орыс және түрік тілдеріне аударылған. Енді қытай тіліне аударылған нұсқасы ҚХР-дағы оқырман қауым назарына ұсынылды. Кітап Қазақстан мемлекеті басшысының ұлт көшбасшысы, өз елінің азаматы және қарапайым адам ретіндегі сан қырлы тұлғасын ашып көрсетеді, сондай-ақ, оқырманды «Назарбаев феномені» түсінігімен таныстырады.

ҚР-ның ҚХР-дағы елшісі Нұрлан Ермекбаев автордың кітапта ғылыми тәсілді және әдебиетшінің талантын қолданғанын және ол «әсіресе Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары туралы бөлімді қызыға оқығанын» атап айтты.

Іс-шараға Қытайдың шетелмен достық халық қоғамы басшылары Ли Цзяньпин және Сун Цзинъу, Қытай ғылыми және іскерлік қауымы, ҚХР-дағы қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова, Әзірбайжан сияқты шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.

ҚШДХҚ төрағасының орынбасары Ли Цзяньпин құттықтау сөзінде екі ел халықтары арасындағы гуманитарлық алмасудың маңызды рөлін атап өтіп, халықтар достығының мәні өзара түсіністікте екеніне назар аударды.

Ол Қытай халқы өз елінің қалыптасуына және дамуына, сондай-ақ, ҚР және ҚХР арасындағы қарым-қатынасқа баға жетпес үлес қосқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы танитынын және құрметтейтінін атап айтты.


Жалпы, тұсаукесерге қатысқандар бірауыздан екі ел қоғамдастықтарының бірлесе күш салуының арқасында Н. Назарбаев туралы тағы бір құнды және пайдалы кітап дайындалған деген пікір білдірді. Кітап Қытай дүкендеріне сатылымға түсті.

Қазақстан көшбасшысы туралы қытай тілінде шыққан кітап XXI ғасырда Қазақстан және Қытай халықтары арасындағы тұрақты тату көршілік және жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету жолындағы тағы бір қадам болды.

Қазақстан тарапынан іс-шараға кітап авторы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмуд Қасымбеков, ҚР-ның ҚХР-дағы елшісі Нұрлан Ермекбаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті Сауытбек Абдрахманов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қытай тілі кафедрасының меңгерушісі Дүкен Мәсімханұлы, «Назарбаев орталығы» ММ ресми өкілі О.Лоскутова қатысты.

Қытай тіліндегі кітапты басып шығаруды Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігі ұйымдастырды.