Қытай көп рет пайдалануға болатын эксперименттік ғарыш аппаратын ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай көп рет пайдалануға болатын эксперименттік ғарыш аппаратын ұшырды

Қытай көп рет пайдалануға болатын эксперименттік ғарыш аппаратын ұшырды

Жұма күні Қытай Цзюцюань ғарышайлағынан «Чанчжэн-2F» (Long March-2F) зымыран тасығышының көмегімен көп рет пайдалануға болатын тәжірибелік ғарыш аппаратын ұшырды.

  • 5 Тамыз 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшырылым сәтті өтті. Ғарыш кемесі орбитада біраз уақыт болғаннан кейін Қытайдағы белгіленген қону орнына оралады.

Жоспарға сәйкес, ұшу кезінде құрылғы ғарыш кеңістігін бейбіт зерттеуге техникалық қолдау көрсете отырып, көп рет пайдалануға арналған технологиялар мен орбитада қызмет көрсету технологияларын сынаумен айналысады.

Бұл «Чанчжэн-2F» зымыран тасығыштарының 18-ші ұшырылымы болды.


Соңғы жаңалықтар