Қытай коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға дәрігерлерін жібереді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға дәрігерлерін жібереді

Қытай коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға дәрігерлерін жібереді

Қытай Қазақстанға коронавируспен күресуге көмектесу үшін дәрігерлер тобын жібереді.

  • 8 Сәуiр 2020
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Коронавирус инфекциясының алдын алу және коронавирус жұқтырғандарды емдеуде зор тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер кіретін қытайлық делегацияның міндеті — қазақстандық дәрігерлерге COVID-19 індетімен күресуде кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету, соның ішінде COVID-19 алдын алу мен бақылау бойынша қытайлық жүйемен таныстыру, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау жүйелері, емдеудің қолданыстағы клиникалық хаттамаларына ұсыныстар беру", — делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, 24 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлесу барысында Қытайдың Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресте жан-жақты қолдау көрсетуі туралы уағдаласқан. Бұл бастаманы қазақстандық тарап осы келісімді жүзеге асыру мақсатында ұсынған. 

7 сәуірде денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаеваның төрағалығымен ҚХР Денсаулық сақтау комитеті өкілдерімен және қытайлық дәрігерлермен онлайн-кездесу өтті.


"Осы онлайн-кездесу барысында тараптар келесі мамандықтар бойынша 13 маманнан тұратын Қытай делегациясының бағдарламасын талқылады: Қазақстандағы пульмонология, инфекция, қарқынды терапия, эпидемиология, денсаулық сақтау және т.б.; ынтымақтастықтың басым бағыттары, қазақстандық дәрігерлер үшін COVID-19 бойынша тренингтердің өзекті тақырыптары, логистика мәселелері", — деді министрліктегілер. 

Қытайлық дәрігерлердің елге келуі үшін арнайы борт ұйымдастырылады. Олар 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға ұшып келеді деп жоспарланып отыр. Делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келеді. 

Соңғы жаңалықтар