Қытай полициясы Шыңжаңда бес террористі ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай полициясы Шыңжаңда бес террористі ұстады

Қытай полициясы Шыңжаңда бес террористі ұстады

Қытайдың құқық қорғау органдары ҚХР-дың солтүстік-батысындағы Шыңжаң -Ұйғыр автономиялық өлкесінде террорлық топтың бес мүшесін ұстады.

  • 27 Мамыр 2014
  • 401
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Синьхуа агенттігі полиция мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Дүйсенбі күні Хотан қаласында жүргізілген арнайы шара нәтижесінде полицейлер 1,8 тоннаға жуық жарылғыш заттарды тәркіледі.

Осыған дейін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде полиция мамыр айында террорлық лаңкестік пен діни экстремизмге қатысы бар 23 ұйымды жойып, 200-ден астам күдіктіні құрықтады.

Бұл топтар Хотан, Қашғар және Ақсуда анықталған.


Өткен бейсенбіде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында соңғы уақыттағы Қытай аумағында орын алған ірі лаңкестік оқиғасы болды. Террористердің шабуылынан қаза болғандар саны 39-ға жетті, тағы 86 адам жарақаттанды.