Қытай Қазақстанға ақша бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қазақстанға ақша бермек

Қытай Қазақстанға ақша бермек

Қытай инвесторлары Қазақстанда салынатын жаңа жолдардың  құрылысын қаржыландырмақ. "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асқар Достияровтың айтуынша, Қытайдың жеті бірдей қаржыгері 350 млн доллар бөлуге  даяр екен.

  • 23 Мамыр 2018
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Қос тарап арасындағы бұл келісімге Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті жиыны кезінде қол қойылады. Олар бірлескен қор құрып, отандық компания әзірлеген бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Қазірдің өзінде қорда 400 млн долларға жуық қаражат бар екен. Оның тек 7 пайызы ғана отандық инвесторларға тиесілі. Қалғанын қытайлық қаржыгерлер құйған.

Осы тұста, екі ел арасындағы бұл байланыстың беки түсіп, Шыңжаң аймағында қыспаққа алынған этникалық қазақтардың бұғаудан босауына ықпалы тисе игі еді. Өйткені, шу шыққан өңірдегі жағдай қазір бірте реттеле бастағанын аңғаруға болады. Осыған дейін, аймақты бірнеше жыл басқарған лауазымды тұлғалардың орнынан кетіп, дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ниетті адамдардың жаңа қызметтерге тағайындалғанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді
 
 

 

 

Соңғы жаңалықтар