Қытай Қазақстаннан мұздатылған қой етін сатып алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Қазақстаннан мұздатылған қой етін сатып алады

Қытай Қазақстаннан мұздатылған қой етін сатып алады

Өткен айда екі елдің арасында етті экспорттауға қатысты келісімге қол қойылған еді. Енді тек ветеринарлық сертификатты Қытай тарапынан б

  • 27 Шiлде 2017
  • 237
Фото - Caravan.kz

Өткен айда екі елдің арасында етті экспорттауға қатысты келісімге қол қойылған еді. Енді тек ветеринарлық сертификатты Қытай тарапынан бекіту ғана қалды, деп хабарлады 24.кз.

Мұндай ауқымды жұмыс Біріккен Араб Әмірліктерімен де жүргізіледі. Ал Иранға жіберілетін қой етін тасымалдау бойынша барлық талаптар келісілді. Сонымен қатар Израиль мемлекетімен де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаеваның айтуынша, мамырда Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тың серпін берері сөзсіз.

— Қазақстанның әлемде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы ірі мемлекеттердің қатарынан көріне алатынын Елбасы ерекше атап өткен болатын. Әсіресе экологиялық таза өнімдерді шығаруда әлеуетіміз зор. Бізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жүйелі бағдарламасы бар. Оны толық жүзеге асырсақ, ауыл шаруашылығы саласының жаңа тынысы ашылады, деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева.


Соңғы жаңалықтар