Қытай əр отбасына екі бала табуға рұқсат етеді
![]() |
Қытай Коммунистік партиясы "бір отбасы - бір бала" саясатынан бас тартады. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады. |
Бұдан былай əр отбасына екі бала табуға рұқсат етілмек.
Бұған дейін Қытайда жекелеген этностар мен аймақтарды қоспағанда бір баладан артық тууға рұқсат етілмейтін. 36 жыл үстемдік құрған бұл саясат əйелдердің азаюына əкеп соқтырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін