Қытай Тәжікстанның оңтүстігінде үш мектеп салып бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Тәжікстанның оңтүстігінде үш мектеп салып бермек

Қытай Тәжікстанның оңтүстігінде үш мектеп салып бермек

Қытай таяу уақытта Тәжікстанға үш бірдей заманауи мектеп салып бермек. Елдің білім және ғылым министрлігі мен Қытайдың Power China компаниясы шілде айының басында тиісімді келісімге қол қойған.

  • 16 Шiлде 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан білім министрлігінің хабарлауынша, 640 оқушыға арналған мектеп Данғара ауданында салынады, 320 оқушыға арналған қалған екі мектеп Бохтар және Леваканд аудандарында салынбақ.

Келісімге қол қою салтанатына Тәжікстан білім және ғылым министрі Нуриддини Саид, Тәжікстандағы Қытай елшісі Юе Бин және Power China International Group Limited компаниясының өкілдері қатысқан.

Тәжікстанда электр станция құрылысы мен жол жөндеумен айналысып жатқан қытайлық компаниялар осы уақытқа дейін 12 мың бала оқитын 7 мектеп салған. Тәжікстан білім министрлігінің мәліметінше, Қытайда үш мыңға жуық тәжік студенті білім алады.

Тәжікстанның экономикалық жобаларын жүзеге асырып жатқан қытайлық компаниялардың мектеп салуы — әлеуметтік жауапкершіліктерінің бірі. Роwer China компаниясы қазіргі уақытта Азия даму банкі қаржыландыратын Сарбанд ГЭС-ін модернизациялаумен айналысады.


Соңғы жаңалықтар