Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қытайдың сыртқысаяси ведомство басшысының Қазақстанға жасайтын ресми сапарына және 2013 жылдың 6-8 қыркүйегіне жоспарланған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылады.
Ван И екі ел басшыларының кездесуі соңғы жарты жылда екінші рет болатынына ерекше көңіл аударып, бұл қазақстан-қытай қатынастарының жоғары деңгейін дәлелдейтінін атап өтті. Ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дамуының негіздері айқындалатынына сенім білдірді.