«Жоспар бесжылдық өтпелі кезеңнен кейін 2022 жылы іске қосылуы мүмкін», — деп хабарлады сенбіде China News ҚХР Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің зерттеушісі Цзинь Вэйганға сілтеме жасап.
Ресми деректерге сәйкес 16-60 жас аралығындағы қытай тұрғындарының саны 2015 жылы 4,87 млн адамға қысқарып, 911 миллионға дейін азайды.
Қазіргі уақытта Аспан асты елінде ерлердің зейнеткерлік жасы — 60, өндірісте емес салада еңбек еткен әйелдердің зейнеткерлік жасы — 55, өндірістік саладағылардың зейнеткерлік жасы — 50 жас, деп хабарлайды Синьхуа.