Қытай Жерді қашықтан зондтау спутнигін орбитаға шығарды
![]() |
Тайюань ғарыш айлағынан (Шаньси провинциясы, Солтүстік Қытай) «Яогань-28» жер бетін қашықтан зондтау спутнигі ойдағыдай ұшырылып, есептелген орбитаға шығарылды. |
Бұл туралы ТАСС Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спутник ғылыми эксперименттер жүргізуге, табиғи ресурстарды зерттеуге, егіс алқаптарын бақылауға, сондай-ақ стихиялық апаттарды болдырмауға және олардан келетін залалды қысқартуға пайдаланылады.
"Великий поход-4Б" ("Чанчжэн-4Б") зымыран тасығышы спутнигімен жергілікті уақытпен сағат 15:06-да ұшырылды. Бұл «Чанчжэн» сериялы зымыранының 217-ші ұшырылуы. «Яогань» сериялы спутниктері 2006 жылдан бері орбитаға шығарылып келеді, бұдан бұрынғы - «Яогань-27» аппараты ғарышқа осы жылғы 27 тамызда аттандырылған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін