Қытайда бір отбасыға бір бала саясаты күшін жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда бір отбасыға бір бала саясаты күшін жойды

Қытайда бір отбасыға бір бала саясаты күшін жойды

Бір отбасыға, бір бала саясаты күшін жойды. Қытайдың коммунистік партиясы осылайша әр жанұядағы балалар санын екіге дейін көбейтуге рұқсат беріп отыр.

  • 30 Қазан 2015
  • 240
Фото - Caravan.kz

Аталмыш саясат осыдан 36 жыл бұрын қабылданғанын айта кетейік. Кейбір этникалық топтар мен саяси облыстарды есептемегенде елдің барлығы осы ережеден ауытқымауы тиіс болған. Ал осыдан екі жыл бұрын билік заңды жұмсартып, егер ата-ананың бірі жанұясындағы жалғыз бала болса және ауылдық жерде тұратындарға тағы бір сәби сүюге рұқсат етті. Компартия енді ұзақ жылдар бойы ұстанған саясатын тіптен жұмсартып жатыр. Оған демографиялық ахуал себеп болған. Өйткені, қарттар саны артыпты. 2050 жылға қарай Қытай халқының төрттен бір бөлігі 65 жастан асады. Жалпы, бүгінде, яғни шектеу бар күннің өзінде Қытайда секундына 45,ал жылына тұтас бір Қазақстанның халқы – 17 млн бала дүние есігін ашады екен.