Қытайда болған жарылыстан 50 адам көз жұмып, 700-ге жуығы жараланды
Қытайдың Тяньцзинь портындағы жарылыс цианидтің кесірінен шыққан. Бүгін осы елдің билігі апат орнынан қауіпті химикаттың табылғанын ресми түрде растады. Сұйықтық логистикалық қоймада заңсыз сақталуы мүмкін екен. |
Кеше аталған портта қатарынан екі жарылыс болған еді. Соңғы ақпараттарға қарағанда, апаттан 50 адам көз жұмып, 700-ге жуығы жараланған. Қаза тапқандардың арасында өрт сөндірушілер де бар. Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, ауруханада жатқандардың дені хал үстінде көрінеді. Жойқын жарылыс «Жуйхай» компаниясына тиелісі логистикалық қоймадан шыққан. Онда мыңдаған тонна химиялық заттар сақталған екен. Әзірге апаттың нақты себебі анық емес. Шығын жағы да есептеліп жатыр. Тяньцзинь портында Қытайдағы ең ірі көлік қоймасы да бар. Сондағы 5 мың жаңа машина түгел жанып кеткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін