Соңғы деректер бойынша Қытайдың шығысында орналасқан Чжэцзян провинциясындағы ауылда кемінде 16 адам қаза тауып, 21 адам із-түзсіз кетті, деп хабарлады жергілікті билікке сілтеме жасап Ассошиэйтед пресс агенттігі.
Бұдан бұрын 9 адамның қаза тауып, 28 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған.
Оқиға қалалық Лишуй округінде Лидонг ауылында жұма күні кешке орын алды. Ағын ауылды басып, 27 үй балшыққа көміліп қалды. Құтқарушылар әзірге аман қалған 1 адамды ғана тапты.