Қытайда қатты нөсер салдарынан 19 адам мерт болып, 130 мыңға жуық адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда қатты нөсер салдарынан 19 адам мерт болып, 130 мыңға жуық адам зардап шекті

Қытайда қатты нөсер салдарынан 19 адам мерт болып, 130 мыңға жуық адам зардап шекті

Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қытайдағы ұзаққа созылған нөсер жауын салдарынан 19 адам құрбан болып, 130 мыңға жуығы зардап шект

  • 11 Мамыр 2014
  • 429
Фото - Caravan.kz

Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 05.48 шамасында Шығыс Қытайдағы Шаньдун провинциясының Циндао қаласында жауын салдарынан зауыттардың бірінің сүйеніш қабырғасы құлап, 18 адамның өмірін қиып кетті, тағы үшеуі жараланды.

Орталық Қытайдағы Хунань провинциясында нөсер жауын бір адамның өмірін жалмады, 10 мыңға жуық адам көшірілді, апаттан 112 мыңға жуық жергілікті тұрғындар зардап шекті.


Ал Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында қатты жауған нөсерден 16,3 мың адам зардап шекті. Апат салдарынан 9 ғимарат қирап, 500-ден астам адам шұғыл түрде көшірілді. Адам шығыны жайлы мәліметтер келіп түскен жоқ. Мұнда апат салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.