Қытайда құс тұмауы күннен-күнге өршіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда құс тұмауы күннен-күнге өршіп барады

Қытайда құс тұмауы күннен-күнге өршіп барады

Соңғы күндері Қытайда тағы 23 адам H7N9 құс тұмауымен ауырған, деп хабарлайды Сегодня.ру.

  • 22 Қаңтар 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz

Мамандар дерттің халық арасына кең таралуының негізгі себебі қытайлықтардың Қытай Жаңа жылы мерекесін атап өтуі кезінде ел ішінде жиі қыдырыстауы дейді. Вирусты тасымалдаушылар бұл тұмау түрі бұдан бұрынырақта анықталмаған провинцияларға барып, дертті таратуда.

Ал өткен апта ішінде Қытайда аса қауіпті аурумен 24 адам сырқаттанған болатын. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының айтуынша, аталмыш вирус түрінің адамнан адамға берілу ауқымының да өз шегі бар.

2013 жылдан бері Қытайда құс тұмауынан 52 адам қайтыс болған, тағы 199 адам осы ауруды жұқтырған.