Қытайда ШЫҰ саммиті басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда ШЫҰ саммиті басталды

Қытайда ШЫҰ саммиті басталды

Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының самииті өтіп жатыр.

  • 10 Маусым 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саммит ШЫҰ-ға мүше елдірдің басшыларын қарсы алудан басталды. Ары қарай кеңес отырысына ұласты. Отырыс қатысушыларын қарсы алған ҚХР басшысы Си Цзиньпин Шанхай ұйымы Үндістан мен Пәкістанның мүшелігінен кейін күшейе түскенін атап өтті.

"ШЫҰ басшыларының Кеңесіне алғаш қатысып отырған Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди мен Пәкістан президенті Мамнун Хусейн мырзаны, сонымен бірге, Кеңеске қосылған Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековке қош келдіңіздер дегім келеді. ШЫҰ ұлғайғаннан кейін мұндай форматтағы отырыс алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл тарихи саммит", — деді Қытай басшысы. Оның сөзінше, әлемдік қауыдастықтың назары ұйымға көбірек түсе бастаған. "Біз аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамассыз етуде, оның дамуы мен гүлденуіне жауапкершілігіміз артып отыр", — деп жалғастырды Си Цзиньпин. Саммиттің негізгі құжаты Циндон декларациясы болмақ. Сонымен бірге, есірткінің алдын алу, сауда және көлік саласындағы арақатынастық, туризм және қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелер талқыланатын болады.
 

Оқи отырыңыз:

Семейде өзін суға тастамақшы болған жігітті тұрғындар құтқарып қалды
Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды
Астананың 20 жылдығына шетелдік емес, қазақстандық өнерпаздар қатысуы керек — Қасым-Жомарт Тоқаев
 
Соңғы жаңалықтар