Жарияланды: 420

Қытайда жарылыс салдарынан құрбан болғандардың саны 44 адамға дейін жетті

Қытайда жарылыс салдарынан құрбан болғандардың саны 44 адамға дейін жетті

Қытай елінің Тяньцзинь қаласында болған жарылыс салдарынан көз жұмған адамдардың саны 44-ке дейін жетті, деп мәлімдеді оқиға зардаптарын жою жедел штабынан.

Қаза тапқандардың арасында 12 өрт сөндіруші болған.

Ауруханада 250 адам жатыр, бұл ретте 66 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Бұған дейін дәрігерлер емханаларға жеткізілгендердің шыны және тас сынықтарымен жарақаттанғанын хабарлаған.

12 тамыздың кешінде Тяньцзинь қаласындағы тез жанатын заттар қоймасында жарылыс болған. Куәгерлердің хабарлауынша, жарылыс толқыны бірнеше шақырым жерде сезілген. Шамамен жарты минуттан кейін екінші жарылыс болды. Бұдан кейін бұдан аз қуаттылықтағы жарылыстар естілді, шамаланып отырғандай, кемежайдағы детонацияланған оқ-дәрілер жарылған.

Сол ауданда орналасқан ғимараттардың шынылары сынған, жарылыс орнына жақын тұрған үйлер қирады.

Жарылыстың себебі ресми түрде айтылған жоқ, алайда China Central Television (ССTV) телеарнасы қалалық кемежайдың жүк терминалындағы жарылғыш заттар мен жанар-жағармай цистерналарының партиясы жарылғанын хабарлап отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін