Қытайда жедел құрылыс салудың жаңа рекорды орнатылды: көпір 43 сағаттың ішінде (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда жедел құрылыс салудың жаңа рекорды орнатылды: көпір 43 сағаттың ішінде (ВИДЕО)

Қытайда жедел құрылыс салудың жаңа рекорды орнатылды: көпір 43 сағаттың ішінде (ВИДЕО)

Қытайда жедел құрылыс салуда жаңа рекорд орнатылды, бұл жолы осындай әдіспен көпірлер салынуда. Бейжіңде алты жолақты көлік ағыны мол Sanyuanqiao көпірі екі тәулікке жетпейтін уақыт ішінде жаңғыртылды.

  • 22 Қараша 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz

Shanghaiist.com сайтының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 13 қарашада жергілікті уақытпен 23:00-да басталған болатын, 43 сағаттан кейін толық қайта жасалып, сырланған көпір автомобильдер қозғалысы үшін ашылып үлгерілді.

Көпірдің бетін жабу үшін 1300 тонналық құрастырма қажет болды, ол дайын күйінде жеткізілді. Мердігер өкілінің хабарлауынша, оған жаңа «интегративтік ауыстыру» технологиясы пайдаланылды.

Жергілікті билік экспериментті құптады, өйткені әдеттегі әдіспен жаңғыртқан жағдайда бұған кемінде екі ай қажет болар еді. Алайда бұл Бейжіңнің солтүстік-шығысындағы 3 сақина жолын жалғастыратын, әуежайға және 101-ші күрежолға шығатын жүрдек магистральді ұзақ уақыт жауып қоюға болмайтын еді.

Еске сала кетейік, Бейжіңде сондай-ақ биік үйлерді де шапшаң салу игерілді. Мәселен, биылғы жылы 57 қабатты зәулім үй 2,5 апта ішінде салынған, деп хабарлады 
newsru.com
.

Соңғы жаңалықтар