Қытайдағы 12 мамырдағы жер сілкінісі ЖІӨ өсіміне тигізер кері әсері айтарлықтай емес - ҚХР мемлекеттік комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы 12 мамырдағы жер сілкінісі ЖІӨ өсіміне тигізер кері әсері айтарлықтай емес - ҚХР мемлекеттік комитеті

Қытайдағы 12 мамырдағы жер сілкінісі ЖІӨ өсіміне тигізер кері әсері айтарлықтай емес - ҚХР мемлекеттік комитеті

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытайда 12 мамырда болған жер сілкінісі ЖІӨ өсіміне кері әсерін тигізеді. Алайда, бұл шектеулі түрде ғана болады. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік комитет төрағасының даму және реформалау істері жөніндегі орынбасары Му Хун мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Мамыр 2008
  • 744
Фото - Caravan.kz

«Жер сілінісінен негізінен Сычуань провинциясының солтүстік аудандары зардап шекті. Елдің жалпы ішкі өніміндегі провинция үлесі бар болғаны 4 пайызды ғана құрайтындығы себепті жойқын апаттың Сычуань экономикасына тигізген орасан зор әсеріне қарамастан Қытайдың ЖІӨ өсіміне жер сілкінісінің тигізген кері әсері күшті болмайды», — деді Му Хун.

ҚХР Мемлекеттік комитетінің жауапты хатшысының даму және реформалау істері жөніндегі орынбасары Ма Лицянның атап өткеніндей, Сычуань провинциясының жер сілкінісінен зардап шеккен аудандары Қытайдағы энергия тұтынушылардың жалпы көлемінде алатын үлес салмақтары аз. Сондықтан, олардың олардың энергия тұтынуға деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру бүкіл мемлекетті энергиямен қамтамасыз етуге қандай да бір әсерін тигізе қоймайды.

Қытайдың мұнай өнімдерінің импортын уақытша ұлғайту ниетіне қатысты Му Хун қазіргі уақытта Қытайдың мұнай импортына тәуелділігі барынша жоғары болып, 47 пайызды құрап отырғанын айтты. «Мұнайдың халықаралық бағасының жоғарылығын ескере отырып, мұнай өнімдерінің импортын кеңейту қисынсыз болар еді», — деп атап көрсетті ол.

Бұл ретте ол энергияны үнемдеу жұмыстарын күшейтуге Қытайдың дайын екендігін мәлімдеді.

Сонымен бірге, Му Хунның айтуына қарағанда, Қытайдың орталық астық қорлары жеткілікті деңгейде. «Сондықтан, астықтың бір бөлігін Сычуань провинциясының жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарына жеткізу елді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету саласындағы жалпы жағдайға соншалықты әсер ете қоймайды», — деді ол.

«Қытайдағы астықпен өзіндік қамтамасыз ету коэффициенті 95 пайызды құрайды. Оның үстіне қазір елдің астық қорлары әлі де жеткілікті күйінде қалып отыр. Ағымдағы жылы Қытайда жазғы астық дақылдарының мол өнімі жиналады», — деп атап көрсетті Мемлекеттік комитеттің жанындағы даму және реформалау істері жөніндегі кешенді бөлімнің бастығы Ши Ган.

Оның айтуынша, астықты жер сілкінісі аймағына тасымалдау елдегі астық пен майдың ұсынысы көлеміне, сондай-ақ, осы өнім түрлерінің отандық бағасына әсерін тигізеді деген соншалықты қауіп жоқ.

«Синхуа» мәліметтеріне сүйенсек, 12 мамырдағы жер сілкінісі Сычуань провинциясының туризм индустриясына орны толмас шығын әкелді. Провинциалдық туристік басқарманың басшысы Чжан Гудың хабарлауынша, қазіргі уақытта шығын көлемі 62,4 млрд юанге (шамамен $9 млрд) жеткен. Бұл провинцияға өткен жылы туризмнен келген табыстың тең жартысына жуық.

Сычуань — елдегі мемлекеттік деңгейдегі туристік аймақтар мен Әлемдік мұра тізіміне енгізілген мәдени ескерткіштер саны ең көп провинция болып табылады. Жер сілкінісі нәтижесінде ондағы төрт мыңнан асатын туристік аймақтардың 568-іне зақым келген. Оның ішінде әлемдік мәдени мұра ескерткіші — біздің эрамызға дейінгі 256 жылы құрылған Дуцзяньянь ежелгі суландыру жүйесі бар. Мұндағы ежелгі құрылыстардың көпшілігі соққыға төзбей, құлап қалған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта жер сілкінісі тудырған қирандылармен және қайта жер сілкінісі туу қаупінің жоығарылығымен байланысты Сычуань провинциясына сапарға баруға толығымен тыйым салынған. Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін провинция үкіметі туристік аймақтарды қалпына келтіру жобасын жасауды қолға алмақ ниетте, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті