Қытайдағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ

Қытайдағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ

Анықталған мәліметтер бойынша, ҚХР Сычуань провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер қатарында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі ҚР елшілігінің консулдық бөліміне сілтеме жасап.

  • 9 Тамыз 2017
  • 240
Фото - Caravan.kz

Жер сілкінісі болған Цзючжайгоу уезінен қауіпсіз аймақтарға көшірілген 30 мың шетел туристерінің басым бөлігі Италия, Франция және оңтүстік Корея елдерінің азаматтары болып шықты. Қазіргі уақытқа дейін қаза тапқандар саны 12 адамға жетсе, жараланғандар — 175.

Айта кетейік, 7,0 магнитудалы жер сілкінісі 8 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21.19 (19:19 аст) кезінде  Сычуань провинциясының Нгава-Тибет-Цянск автономды округінің Цзючжайгоу уезінде болған. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин адамдардың өмірін сақтап қалу  және жерасты дүмпуін азайтуға қолдан келген барлық мүмкіндікті жасауға тапсырма берді. 



 

Соңғы жаңалықтар