Қытайдың Тибет автономиялық ауданында жер сілкінісі салдарынан 9 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында жер сілкінісі салдарынан 9 адам қаза тапты

Қытайдың Тибет автономиялық ауданында жер сілкінісі салдарынан 9 адам қаза тапты

Алматы. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың Тибет автономиялық ауданында жер сілкінісі салдарынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Қуаты Рихтер өлшемі бойынша 6,6 балл болған зілзала салдарынан 9 адам қаза тауып, 19-ы жарақаттанған (11 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда). Жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында Лхаса аумағындағы Дамсюн уезінде кеше сағат 16.30-да болған. Сілкініс ошағы Тибеттің әкімшілік орталығы — Лхасадан 76 шақырым жерде тіркелген. Жер асты дүмпулері Лхаса, Шигацз және Шаньнань округінде сезілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар